10:34 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан: Заңға қарсы болу – шекарадағы жерді шетелдіктерге беруді ұсынумен тең

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80010

"Жер туралы заңды қазір Парламентке қабылдатып алып, 2018 жылдан бастап жүзеге асыруға көшуіміз керек"

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Былтырғы Жер комиссияның шешімі бойынша дайындалған заңды биылдан қалдырмай қабылдамасақ, шекарадағы жер шетелдіктерге беріліп кетуі мүмкін. Ал ауылдағы жайылым жер латифундистердің қолында қала береді. Бұл туралы белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында жазды.   

"Бұл заңды қабылдамау керек дейтіндер оны оқымады деп ойлаймын. Өйткені бұл ауылдағы жұртқа жайылым жер бермейік деген абсурдтық талаппен тең. Жайылым жер әрі қарай латифундистердің қолында қала берсін деген сөз бұл", — дейді қоғам белсендісі.

Оның пікірінше, бұл заң қабылданбаса, латифундистерге жол ашылып, оларға ешқандай қысым болмайды, ал ол –  абсурд. 

"Ол кезде бір қолдағы жер көлемі шектелмейді. Жерді бұрынғыдай жабық жолмен тек қана әкімнің өзі (комиссиясыз) беріп отырады. Шекарадағы жерді шетелдіктерге беріп отырайық деген ұсыныс бұл. Ол түгел – нонсенс. Менің ұстанымым басқаша. Бұл заңды біз қазір Парламентке қабылдатып алып, 2018 жылдан бастап жүзеге асыруға көшуіміз керек. Ал жер кадастрын ашық қылуды әрі қарай талап етуге тиіспіз. Кадастрды ашық қылмады деп бұл заңды толығымен жоққа шығаруға болмайды, себебі бұл заңда халыққа пайдалы нормалар бар. Битке өкпелеп тонды отқа жағуды қаламаймын", — деп түйіндеді М.Тайжан. 

 

Загрузка...

Басты тақырып