Қоғам

Алматы әкімдігінің қызметкері пара алмақ болғаны үшін сотталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталған азамат күдікке ілінбес үшін әріптесін жемқорлыққа араластырған

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik.Алматыда 200 мың теңге пара алмақ болған әкімдік қызметкері екі жылға сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық соты апелляциялық сот коллегиясының баспасөз қызметі.

пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде пара берген прокуратура қызметкері ұсталды

Істің материалы бойынша, Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарып жүрген сотталушы 2016 жылы маусымда тағылымгермен бірге ауданды аралап жүріп, тұрғын үйдің қасынан заңсыз салынған құрылысты анықтайды. Қала әкімдігінің өкілдері үй иесінен рұқсат қағазын көрсетуді сұрағанда, тиісті құжаттар жоқ болып шығады. 

Сол кезде бас маман мен тағылымгер үй иесіне заңсыз құрылыс дерегі бойынша ірі көлемде айыппұл салынып, ғимаратты өз қаражатымен қайта бұзатынын ескертеді. Ал үй иесі құрылысты заңдастырғысы келетінін айтқанда, бас маман 1000 доллар берсе, көмектесе алатынын мәлімдейді. 

Өзара келіскен соң, әкімдік қызметкері ізін жасыру үшін ақшаны тағылымгер арқылы беруді сұрайды. 24 маусымда тағылымгер мен үй иесі Алмалы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында кездесіп, үй иесі параны 200 мыңға дейін төмендетуді сұрайды.

Тағылымгер шілде айында пара алу үстінде ұсталған, сол күні бас маман әкімдіктен жұмыстан шығып кетіпті. Тағылымгерді қылмыстық қудалау оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Бірінші инстанция соты бас маманды ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша үш жылға соттаған болатын. 

Апелляциялық коллегияда сотталған азаматтың адвокаты  Алматы қаласы жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы тергеушісін ҚР ҚК 362-бабы (билігін немесе лауазымын асыра пайдалану) және ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Сот қаулысында көрсетілгендей, бұрынғы тергеушіге қатысты қылмыстық жауапкершілік мәселесі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, ешқандай құқықбұзушылық байқалмаған.

Кейінрек апелляциялық сот коллегиясы аудандық соттың үкімін өзгертіп, бас маманды пара алуға талпыныс жасау бабы бойынша 2 жыл үш айға соттады.

Жаңалықтар
0