03:19 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
ВИЧ дертіне сынақ

Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артты

© AFP 2019 / NOEL CELIS
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
200 0 0

Белсенді диагностика қорытындысына сүйенсек, жыл басынан бері ВИЧ дертіне шалдыққандар саны көбейген

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Елордамызда биыл ВИЧ инфекциясын жұқтыру бойынша 171 жайт анықталды. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары, деп хабарлайды ЖИТС-ке  қарсы күрес және профилактика орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов "Денсаулық құқығы" кампаниясының басталуына арналған баспасөз мәслихатында.  

Әбдірайымовтың берген мәліметінше, белсенді диагностика нәтижесінде  2017 жылғы көрсеткіш былтырғы жылдан 32-ге жоғарылағандығы анықталды, деп жазады Елорда Ақпарат

Биыл 248 мың қала тұрғыны сынақтан өткізілді, бұл халықтың 24%-ы. Негізінен есірткіні инемен салатын адамдар, жеңіл жүрісті әйелдер және гомосексуалистер қамтылған.  

"Оларға психологтар, ВИЧ дертіне шалдыққан адамдардың кеңесшілері, аутрич-қызметкероер қолдау көрсетеді. Олардың көпшілігі үкіметтік емес ұйымдарда қызмет етеді", — деп атап өтті орталық басшысы.

Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаеваның сөзіне сүйенсек, биыл орталық 208 профилактикалық шара өткізіп, 17 мыңнан астам адамды қамтыпты. 

1997 жылдан бері Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтыру бойынша 1395 дерек тіркелген.

Загрузка...

Басты тақырып