12:09 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Квадрокоптер

Елімізде браконьерлікпен күрес үшін дрондар мен спутниктер қолдануы мүмкін

© Sputnik / Георгий Зимарев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Ұсыныстар Бас прокуратурада браконьерлік мәселелері бойынша өткен жиында қаралып, қолдау тапқан

АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Бүгін Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев браконьерлікпен күресті күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Вице-министр браконьерлікке қарсы күресті күшейту үшін бірнеше ұсыныс енгізді.

"Бірінші – Қылмыстық кодексте браконьерлік үшін шартты мерзімді алып тастап, нақты мерзімге бас бостандығынан айыру. Екіншісі – қылмыс қаруын  тәркілеп, кейін оларды мемлекеттік органдардың балансына беруді немесе жойып жіберуді енгізу, үшіншісі – күзет жүйесіне заманауи техникалық құралдар – дрондар мен спутниктік мониторингті енгізу", — деп атап өтті Нысанбаев. 

Оның айтуынша, бұл ұсыныстар Бас прокуратурада браконьерлік мәселелері бойынша өткен жиында қаралып, қолдау тапқан.

 

Нысанбаевтың айтуынша, биыл браконьерлікпен күресті күшейту мақсатында заңды түрде бір аңшы үшін аңшылық қару саны оннан төрт данаға дейін қысқарды. Сондай-ақ, көктемгі аңшылыққа тыйым салынып,  тәулігіне бес құсқа дейін ғана аулауға рұқсат етілді. 

"Мұның бәрі оң нәтиже беріп отыр. Аталған тыйымның мерзімін бес жылға дейін ұзарту қажет деп санаймын", — деді Нысанбаев. 

"Сондай-ақ, мемлекеттік ұйымдарда инспекторлық құрам арасында жемқорлықтың жолын кесу үшін осы жылдың маусымында "Сапсан" жедел тобы құрылды. Ол тікелей ауыл шаруашылығы министріне бағынады. Нәтижесінде биыл бес айдың ішінде табиғатты қорғау заңнамасы 16 рет бұзылғаны анықталды, материалдар құқық қорғау органдарына берілді", —деп түйіндеді вице-министр.

Загрузка...

Басты тақырыптар