Қоғам

ҚР Бас прокуратурасының жобасы халықаралық конкурста жеңімпаз атанды

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры РКБас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратураның бес жобасы конкурстың әртүрлі номинацияларында жүлделі орындарға ие болды

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстан Бас прокуратурасының түрме халқының азаюы туралы жобасы Мәскеудегі "Проектный Олимп" халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды. Марапаттау салтанаты Ресей Федерациясы үкіметінде болды, деп хабарлайды қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі.

ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокуратура Әблязов ісіне қатысы бар тұлғаларды түгел қайтармақшы

"Түрме халқын азайту бойынша 10 шара" жобасы "Кешенді жобаны басқару  — "Жылдың үздік жобасы" номинациясында бірінші орынды иеленді. Ресей Федерациясы үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары Максим Әкімов сыйлықты ұсынды.

"Прокуратура. Smart  — басқару" номинациясында бірінші орынға "Бизнесті қорғау" жобасы, екінші — "Заңдылық", үшінші — "Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" және "Прокуратурада – ең үздік кадрлар".

Бұдан бөлек, "Үздік цифрлық жоба" жеке номинациясында "Заңдылық" жобасы жеңімпаз атанды. 

Бас прокуратураның "Өзгерістер бағдарламалар" ішкі коммуникациялар жүйесі жеке сертификатқа ие болған.

Жаңалықтар
0