05:13 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов

Қарағанды облысының әкімі Октябрь атауы неге қазақшаланбай отырғанын айтты

© Foto: /www.ortcom.kz
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
151 0 0

Әкім өз басы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың есімін беруді қолдайтынын айтты

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағандыдағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың есімі неге берілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесі облысымызда жиі көтеріледі. Мен де өз басым ауданның атын өзгерту дұрыс деп санаймын. Уақыты келген де шығар. Қарағандыда Ленин көшесі күні бүгінге дейін бар. Әлихан Бөкейхановтың еңбегін, ұлылығын мойындаймыз. Бұл мәселе менің алдымдағы әкім кезінде де қаралған болатын, қазір де біздің қарауымызда", — деді Қошанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, республикадағы ең ірі аудандардың бірі саналатын Октябрьдің атауын қазақшалау оңай шешіле салатын мәселе емес. 

"Мұның өз рәсімдері, тәртібі бар. Октябрь ауданы – республикадағы ең ірі аудандардың бірі, мұнда 260 мың адам тұрады. Егер бұл жұмыстар мен әкім болып келгенге дейін бәрі дайын тұрғанда, қазір ауыстырып та жіберер едік. Қоғамдық тыңдаулар өткізуіміз керек, соның бәрін реттей келе, тиісті шешім қабылдауымыз қажет", — деп түйіндеді сөзін әкім.


Загрузка...

Басты тақырып