04:20 21 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Балалар компьютердің алдында

Елімізде балаларға арналған "Ақ сайттар тізімі" жасалды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
104 0 0

Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен іріктелген тізімге әзірше 3556 сайт енгенін айтты

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстанда балаларды интернеттегі жағымсыз ақпараттардан қорғау мақсатында "Ақ сайттар тізімі" жасалды. Жаңа жоба бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоба авторы –  ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы.

Мәжіліс депутаты, "Болашақ" қауымдастығы кеңесі басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Мәкеннің айтуынша, жоба жасөспірімдер мен балаларға ғаламторды қауіпсіз түрде қолдануға мүмкіндік береді. 

"Ақ сайттар тізіміне" 3556 сайт енген. Болашақта бұл сайттар тізімі толықтырылады, деді ол. 

Сайттар тәрбиелік маңызы, тақырыбы мен мазмұны бойынша іріктелді. Интернет желілері мазмұны бойынша білім және ғылым, мәдениет және өнер, ойын-сауық, музыка, кино, телевизия, табиғат, адам, қоғам, спорт және туризм салаларына бөлінген. 

"Касперский зертханасы жүргізген зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда ата-аналардың 57%-ы балалары интернетте жасына сай емес ақпарат алуы мүмкін деп қауіптенеді. Десек те көбісі интернет қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлмейді. Ал ата-аналардың 18%-ы балаларының ғаламторда не істеп отырғанын мүлде қадағаламайтын болып шықты", — дейді депутат.


Басты тақырыптар