Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан арасында күнделікті ұшақ қатынайтын болды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана-Ташкент бағдарлы ұшақтар күніне бір рет ұшатын болды, ал Алматыдан – күніне екі рет

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Азаматтық авиация комитеті мен Өзбекстанның авиациялық басқармасы және екі елдің әуе компаниялары рейстерді көбейту туралы келісім жасасты.

Air Astana 2017 жылы 2 желтоқсаннан бастап Алматыдан Ташкентке аттанатын рейстердің санын көбейтпекші, яғни аптасына жеті ретке дейін арттыру жоспарланған. Бұрын жексенбі күндері ұшпайтын. 

2017 жылы 3 желтоқсаннан бастап Астана-Ташкент бағдарлы рейстер саны аптасына төрт рет жіберілетін болады, яғни сенбі күнгі рейстер қосылды. 

"Өзбек әуе жолдары" компаниясы Ташкенттен Алматыға дүйсенбіден бастап апта бойы ұшақ аттандырмақшы, ал Ташкент-Астана бағдарлы рейстер 2018 жылы 4 наурыздан бастап көбейетін болды, жексенбі күні де кестеге енгізілмек. 

"Нәтижесінде екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 22 рет болады. Яғни жолаушылар Алматыдан Ташкентке күніне екі рет, Астанадан күніне бір рет ұшып бара алады", — деп атап өтті комитет.

Жаңалықтар
0