Қоғам

Парламенттен жедел жәрдем алып кеткен Назаралы Жақсылық қайтыс болды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуДоставка пострадавших в больницу, архивное фото
Доставка пострадавших в больницу, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламенттік тыңдауға келген мемлекеттік қызметшіні жедел жәрдем алып кеткен

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Назаралы Жақсылық қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға министрліктің баспасөз қызметінен.

"Назаралы Жақсылық қайтыс болды. Ол бүгін парламенттік тыңдауға қатысуы тиіс болатын. Парламентке келгеннен кейін ол өзін нашар сезініп, оны жедел жәрдем алып кетті", — деді баспасөз қызметіндегілер.

53 жастағы Назаралы Жақсылық 2011 жылдың 28 қарашасынан 2012 жылдың 16 наурызына дейін "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" геологиялық барлау жобаларын басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдың 19 наурызы — 2015 жылдың 3 тамызы аралығында "ҚазМұнайгаз" Ұлттық компаниясы" барлау жобаларын басқару департаментінің, перспективті жобаларды дамыту департаменті директоры қызметін атқарды.

2015 жылдың 4 тамызынан 2017 жылдың 17 тамызына дейін "Қазмұнайгаз" Өндіру мен бұрғылау технологиясы ҒЗИ" ЖШС ҚМГ активтерін геологиялық-геофизикалық сүйемелдеу директорының орынбасары, барлау жобасының бас инженері болып істеді.

2017 жылдың 21 тамызында инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңалықтар
0