Қоғам

Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті

© Photo : alashainasy.kzМұзафар Әлімбаев дүниеден өтті
Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұзафар Әлімбаев 94 жасында өмірден озды

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетіне соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер Мұзафар Әлімбаев 94 жасында өмірден озды.

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды. 

Кәмшат Дөненбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақтың Кәмшаты атанған Дөненбаева дүниеден өтті

1948 жылы Армиядан оралған соң, "Пионер" журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы "Балдырған" журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың Бас редакторы болды. 

Алғашқы кітабы – "Қарағанды жырлары" 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бірнеше дүркін таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты. 

Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. 

Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде "Мен – түрік мейманы" (1963), қырғыз тілінде "Жолдар. Ойлар. Жырлар"(1966) жинақтары жарық көрген. 

© Photo : instagram sarsenphotoМұзафар Әлімбаев дүниеден өтті
Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті

1982 жылы "Аспандағы әпке" жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 

Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Отан" орденімен марапатталған. 


Жаңалықтар
0