11:44 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Түркия және Қазақстан тулары

Түркия Қазақстанның латынға көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

© Foto : АО "НК "Казахстан инжиниринг"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Латын әліпбиіне көшу (41)
14920

Түркия Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделі

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Тұңғыш Президент күніне арналған "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" халықаралық парламенттік конференциясында Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Ахмет Айдын Қазақстанның латынға көшу туралы бастамасының сәтті іске асырылуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің елдеріміздің арасындағы тамыры терең қарым-қатынас өзара түсіністік негізінде дамып, стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды мәселелер бойынша тұрақты түрдегі диалог,  екі ел президенттерінің тығыз және достық қарым-қатынасы және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарлар барлық сала бойынша байланыстың дамуына ықпал етті. Қазақстанға биылғы жылы қыркүйекте жасаған ресми сапары барысында Түркия президенті Ердоған айтқандай, біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз", — деді Ахмет Айдын. 

Оның айтуынша, президент Назарбаевтың келесі жылы көктемдегі Түркияға жоспарланған сапары біздің қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз. 

"Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымының 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған әрекетінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып біздің елімізге келді. Осылайша ол біздің еліміз бен халқымызға қолдау көрсетті", — деп атап өтті ол. 

Түркия парламентінің өкілі өз елінің Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді. 

"Латынға көшу жөніндегі шешімнің сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз. Бұдан бөлек, Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймыз. Біздің еліміз көрмеге белсенді қатысты, біз үшін бұл зор құрмет болды", — деген Ахмет Айдын "түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегін" атап өтіп, қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (41)
Загрузка...

Басты тақырыптар