05:01 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
АРТиШОК театрындағы Ұят спектаклі

Қазақстандық әртістер «Ұлы дала театры» атауымен Еуропаға аттанады

© Foto : аккаунт театра "АРТиШОК" в соцсетях
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Еуропа бойынша үлкен тур ірі мәдени астаналар – "Берлин – Париж – Вена – Брюссель – Мәскеу" қалаларын қамтиды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. "Astana Musical" музыкалық театры мен Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының әртістері желтоқсан айында Еуропада үлкен гастрольдік тур өткізеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Astana Musical" музыкалық театры, Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының әртістері және "Қазақконцерт" ММ ұжымы желтоқсан айында Еуропа бойынша үлкен тур өткізеді. Аталған турдың бағыты Еуропаның ірі мәдени астаналары – "Берлин – Париж – Вена – Брюссель – Мәскеу" қалаларын қамтиды. 

Тур аясында "Astana Musical" театры "Қыз Жібек" этно-фольклорлық музыкалық қойылымын көрсетеді. 

"Біз "Ұлы дала театры" деген атаумен барамыз. Себебі ұлы даланың бойында кезінде көшпенді театрлар болған. Оның бойында жыраулық өнер, ұлттық ойындар, дәстүрлі ән – барлығы біртұтас күйінде көрсетіледі. Сондықтан біздің екі жоба да "Ұлы дала театры – Еуропа төрінде" деп аталады. Берлин, Брюссель, Париж, Вена мен Мәскеуде үлкен қойылымдарды сахналаймыз. Кейін Астанаға келіп қорытындылаймыз. Қойылымдар 1 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында өтеді. Өздеріңіз білесіздер, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президет күні. Сондықтан Парижде өтетін шарамыз осы ұлы мерекеге арналады. Одан кейінгі қойылымдар тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Қазір біз гастрольдік сапарға қызу дайындық үстіндеміз", — деді "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.


Загрузка...

Басты тақырып