Қоғам

Қазақ қызы Германиядағы модельдер байқауында үздік атанды

Жазылу
Желтоқсанда Будапешттегі халықаралық конкурста Жанна Хайрулина Германияның атынан қатысатын болады

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. "Көкшетау аруы-2015" Жанна Хайрулина Германиядағы WorldTopModel конкурсында үздік модель атанды, деп хабарлайды "Қазақстан аруы" ресми парақшасы.

Байқау 25 қарашада Дюссельдорфте өтті.

 

 

"Енді ол биыл желтоқсанда Будапештте өтетін WorldTopModel халықаралық байқауында Германияның намысын қорғайтын болады", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Жанна Хайрулина "Дуйсбург-Эссен" неміс университетінде "Бұқаралық ақпарат құралдары" факультетінде магистратурада оқып жүр.

Жаңалықтар
0