Қоғам

Қазақстанның OYLA журналы жаңа жылдан бастап Оңтүстік Кореяда шығады

Жазылу
Корея Репсубликасында баспадан шыққан кезде журналдың түпнұсқа атауы сақталмақ

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Darun оңтүстік-кореялық компаниясы OYLA ғылыми журналын басып шығаруға құқықты сатып алды.

Асхат Маемиров - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Астанада "Ромео мен Джульетта" алғаш рет қазақ тілінде қойылады

"Журнал корей тілінде баспадан шығады, алайда түпнұсқа атауы сақталмақ, 2018 жылдың басында сатылымға шығарылады", — деп хабарлады OYLA редакциясы.

Алғашқы қазақстандық ғылыми OYLA журналы ай сайын орыс және қазақ тілдерінде шығарылады, жалпы таралымы 20 мың дана.

2017 жылдың сәуірінен бері OYLA франшиза ретінде ағылшын тілінде Австралия мен Жаңа Зеландияда баспадан шығып келеді. Бұл елдердегі журналдың атауы OYLA Youth Science.

Журналды оқушылар мен студенттер, ересектер оқиды.

Жаңалықтар
0