15:10 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қазақ отбасы, архивтегі сурет

СІМ: этникалық қазақтар Қытайдағы проблемаларға шағымданып жатыр

РИА Новости
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Шетел қазақтары (33)
33410

Сыртқы істер министрінің орынбасарының Бейжіңге сапарында Қытайдағы қазақтардың мәселесі қаралады

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. ҚХР-дағы этникалық қазақтардан өтініштердің жиілеуіне байланысты Қазақстан мен Қытайдың  дипломатиялық ведомстволары қазақ диаспорасының мәселелерін талқылау үшін жүйелі түрде консультациялар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

27 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті және Астанадағы ҚХР елшілігінің консулдық бөлім басшылығымен қазақ диаспорасына (ҚХР азаматтары) байланысты мәселелерді шешу жолындағы ынтымақтастық жөніндегі консультациялар өткізілді. 

9 қарашада Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (вице-министр) Ли Хуэйлаймен кездесті.

Осы жылдың соңына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Үрімжі қаласына ҚХР Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және ҚХР ШҰАР Сыртқы істер басқармасы басшылығымен кездесу мақсатымен, сондай-ақ ҚР СІМ Паспорт және визалық қызмет инспекциясын жасау үшін жұмыс сапарымен барады.

Сонымен қатар, желтоқсанда сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдинов ҚР-ҚХР Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар отырысын өткізу мақсатында жұмыс сапарымен Бейжіңге барады деп жоспарланып отыр. Отырыста Қытайдағы қазақ диаспорасының мәселелері талқыланады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес шетелдегі қазақ диаспорасына қатысты мәселелер ҚР СІМ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және екіжақты келіссөздер мен Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басқа елдердің тиісті органдарымен кездесулерінің күн тәртібіне жүйелі түрде енгізіледі.

Тақырып:
Шетел қазақтары (33)
Загрузка...

Басты тақырып