11:52 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

БЖЗҚ-да жұмыс істеген Асқар Ахметов моралдік-психологиялық қысым көргені туралы айтты

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Бірыңғай жинақ зейнетақы қорының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істің куәгерлері тергеу тарабынан қысым көргендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында БЗЖҚ бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қаралуда. 

БЗЖҚ-да инвестициялық талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген Асқар Ахметов сотқа дейінгі тергеу органдары тарабынан қысым көргені туралы мәлімдеді.

"Бұдан бұрын айтылған ақпаратты қысым көргендіктен бердім, тергеу органдары қысым көрсетіп, қол қоюға мәжбүрледі. Моральдық-психологиялық қысым жасады. Бүгін үйіме қайтамын ба, жоқ па, берген мәліметіме байланысты болатынын ұғындырды", — дейді ол.

Бұрынғы сот отырысында БЖЗҚ инвестициялық талдау және проблемалы активтер басқармасының бұрынғы басшысы Абай Жайықбаев куәгер ретінде тергеушілер тарабынан моралдік қысым көргенін айтқан болатын.

Сотқа шақырылған тергеушілер куәгерлерге ешқандай қысым көрсетпегенін мәлімдеді.

Тергеу нәтижелеріне сәйкес, 2016 жылы 6 қазанда KASE-дегі биржалық шарт нәтижесінде БЖЗҚ жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге "Бузгул Аурум" ЖШС-нен 500 мың облигация сатып алған. Шын мәнісінде бұл компанияның облигацияларын инвестициялауға рұқсат етілмеген болатын. Қор басшылығы ескертуге құлақ аспай, осы шартты жасасқаны үшін ЖШС басшыларынан ірі көлемде пара алады.

Айыптаушылардың айтуынша, жоғарыда көрсетілген шартты жасасу нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде шығын келген – 5 миллиард теңге сомасында.

Қылмыстық істі тергеу нәтижесінде 18 қарашада БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерданаев, БЖЗҚ тәуекелдер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бақытов, "Бузгул Аурум" құрушы Бақытжан Кенжебаев, "Бузгул Аурум" директоры Азат Найзағарин, "МегаТрансАзия"  ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаев ұсталып, сотқа берілді.

Мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, БЖЗҚ бұрынғы басшысы мен оның орынбасары Медетбеков "Бузгул Аурум" ЖШС облигацияларын сатып алғаны үшін 700 мың долларға ие болған.

Загрузка...

Басты тақырып