06:39 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
214 0 0

Бүгінде ақпараттың 70 пайыздан астамы ағылшын тілінде екені белгілі

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Бүгін елордада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесіп жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның латын әліпбиіне неге көшкелі жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Неге латын әліпбиі? Бүгінде ғылым, мәдениет туралы ақпараттың 70 пайыздан астамы ағылшын тілінде таралады. Ал ағылшын тілі, өздеріңіз білесіздер, латын әліпбиінде. Біз елімізде үштілділікті жарияладық. 2020 жылға қарай бірінші сыныптан бастайтындар мектеп бітіргенде ағылшын тілін білетін болады. Яғни ол балалар латын әліпбиін меңгерген деген сөз", — деді президент. 

Назарбаев заманға ілесіп, көштен қалмау маңызды екенін айтты. 

"Қазақ лексикасындағы бірнеше әріп кириллицада жоқ. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я, Ц әріптері жоқ – мұның бәрі басқа адамдарға оқу-жазуды қиындатты.  Біз заманға ілесіп отыруымыз керек. Латын қарпімен бірге біз дамыған ортақ ақпарат әлеміне – интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енеміз", — деді мемлекет басшысы. 

Айта кетсек, "Қазақстанның100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Загрузка...

Басты тақырып