Қоғам

Журналист Геннадий Бендицкий көз жұмды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖурналист Геннадий Бендицкий, архивтегі фото
Журналист Геннадий Бендицкий, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ratel сайтының белгілі журналисі ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды

АСТАНА, 3 желтоқсан  — Sputnik. Журналист Геннадий Бендицкий ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды. Қайғылы хабарды журналистің достары мен әріптестері растады.  

 Геннадий Бендицкий ұзақ уақыт бойы КТК арнасында бірқатар ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның шығарушы редакторы болды, "Время" газетінде жұмыс істеген жылдары көпшілікке танылды. Соңғы уақытта ол Ratel.kz ақпараттық ресурсында жұмыс істеді.  

Журналистің қазасы оның туған күнімен сәйкес келді. Бендицкийдің Facebook-тегі парақшасында оны әріптестері мен таныстары құттықтап жатыр.  

Алдын ала мәлімет бойынша, Бендицкий бауыр циррозынан зардап шеккен.   


Жаңалықтар
0