Қоғам

Швейцариялық фотограф 500 теңгедегі шағаланы танып қойды

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңге
500 теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марсель Буркард қазақстандық банкнотта шағаласының бейнеленгенін үлкен мәртебе деп санайды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Швейцариялық фотограф Марсель Буркард қазақстандық банкноттағы өз шағаласын таныды. Ер адам Желідегі парақшасында жазғандай, құс бейнесінің түпнұсқасы Уикипедияда бар, авторлық құқығы да көрсетілген.

"Қандай мәртебе! Кеше Қазақстанның Ұлттық банкі шағалалардың суреті салынған жаңа банкнот шығарды деген хабар естідім. Бұл көпшіліктің қызу талқысына түсіпті. Ұлттық банк шағалалардың суреті ұрланған дегенді жоққа шығарады. Алайда желіде үш түпнұсқа сурет табылды", — деп жазды Марсель Буркард.

Буркардтың айтуынша, дизайнер ешқандай әуре-сарсаңға түспей, бар суреттерді пайдалана салған. Фотограф суреттің авторы ретінде құқығын қорғайтынын мәлімдеп отыр.

© Photo : ҚР Ұлттық банкі2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 теңгелік банкнот
2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 теңгелік банкнот - Sputnik Қазақстан
2017 жылғы үлгідегі номиналдық құны 500 теңгелік банкнот

Ұлттық банк 22 қарашада жаңа дизайнмен 500 теңгелік банкноттарды шығарды. Қағаз ақшаның бір жағында Қазақстан картасы мен Каспий теңізі, шағалалар бейнеленген. Желі қолданушылары шағаланы Уикипедиядан алынған деп сын айтуда. Ал, бас банк суретші натурамен жұмыс істеді, натура ретінде фотосурет интернеттен алынуы мүмкін дегенді алға тартады.

Жаңалықтар
0