Қоғам

Қызметтен босатылған энергетика вице-министрі жаңа лауазымға ие болды

© Photo : СЦКӘсет Мағауов
Әсет Мағауов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әсет Мағауов биыл қазанда елдегі жанармай дағдарысына байланысты қызметінен босатылған болатын

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Әсет Мағауов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады қауымдастық баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.

жанармай құю бекеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бозымбаев жанармай нарығындағы жағдай қашан тұрақталатынын айтты

Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен "Kazenergy қазақстандық мұнайгаз және энергетика ұйымдарының қауымдастығы" бас директоры болып 4 желтоқсанда Әсет  Мағауов тағайындалды. Ол қауымдастықты 2012-2016 жылдары басқарған.

Бұдан бұрын Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған еді, биыл қазан айында ҚР үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатқан болатын. Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жанармай ахуалына байланысты сөгіс жариялаған.

Жаңалықтар
0