01:21 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қолына кісен салынған әйел, архивтегі фото

Астанада бала бағушы екі отбасыны тонап кетті

© AFP / OHAN ORDONEZ
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Әйел зергерлік бұйымдар мен ақшаны қолды қылған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Сотқа Астанада екі отбасыға бала бағушы болып жұмысқа тұрып, оларды тонап кеткен әйелге қатысты іс түсті, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.   

Осы жылдың қазанында әйел алғашқы отбасыға бала бағушы болып жұмысқа тұрады. Бірнеше күннен кейін пәтерді тазалап жүріп, үй иесінің зергерлік бұйымдары мен ақшасын ұрлаған.  

Бұнымен қоймай, ол қарашада басқа отбасыға жұмысқа тұрады, ол жақтан да зергерлік бұйымдарды қолды еткен. 

"Сот талқылауы барысында тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті", — деп жазылған хабарламада.   

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатылды.  


Басты тақырыптар