01:23 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Bitcoin

Астанада Алматы тұрғыны 11 мың долларға "криптовалюта" сатқан

© AFP / ROSLAN RAHMAN
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Полиция осы азаматтың заңға қайшы іс-әрекетінен зардап шеккен тұрғындарды іздеп жатыр

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Полиция бөліміне екі қала тұрғыны хабарласып, қаражаттарын алаяқтық жолмен белгісіз біреу қолды қылғанын айтып арызданған.

Зардап шегушінің айтуынша, криптовалюта сатылатыны туралы бір сайттан оқып "сатушыға" хабарласқан, содан күдіктімен қаладағы сауда орталықтарының бірінде кездесіп, 11 200 доллар қаржысын қолына ұстатқан. 

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының ІІД-і қаржылай операциялар кезінде қырағы және мұқият болуды ескертеді. Ал "Есіл" ауданының ІІБ-і осы азаматтың заңға қайшы іс-әрекетінен зардап шеккен тұрғындарды мына телофондарға 71-65-50, 8 700 099 96 79 хабарласуын сұрайды.


Басты тақырыптар