13:48 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Аружан Саин

Аружан Саин жарақаты салдарынан азап шегіп жүрген балаға көмектесуді сұрайды

© Photo: Дом Милосердия
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

Балаға операция жасап, емдеу үшін тезарада шетелге жіберу керек

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин қатты күйік алып, жарақатынан әлі де айыға алмай, қиналып жүрген бала туралы әлеуметтік желіде айтып, жанашыр жандардан көмек сұрады.

Саинның айтуынша, Алматы облысында 2015 жылы бес жасында қатты зардап шеккен бала тұрады. Пеш жарылып кеткенде, баланың киімі өртеніп, салдарынан денесінің жартысы күйіп кеткен. Балақай облыстық балалар ауруханасында ем алыпты.

"Қазір жағдайы ауыр, жарасының салдарынан бүкіл денесі тартылып, мойын және иық терісі бас/ бет терісімен жабысып қалған. Бұрын мұндай балаларды шетелге жіберетінбіз, өйткені оларға тері ауыстырып немесе жасанды тері қолдану керек. Ал бізде ондай әдіс-тәсілдер жоқ. Яғни, бала өскенімен, күйік орнындағы тыртық тері өспейді, керісінше тырысып, тартылып, баланың жанына батады! Бұл баланың бүкіл денесі зардап шеккен, оның нендей хәл кешіп жүргенін елестету қиын", — дейді қор директоры.

Оның айтуынша, баланың анасы маскүнемдікке салынған, оған ешкім қарамайды, жеті жасқа келсе де мектепке бармапты, осы уақытқа дейін ем де қабылдамаған.

Аружан Саин осы уақытқа дейін ешқандай мемлекеттік органның балаға назар салмағанына наразы.

"Облыстық денсаулық сақтау бөлімі қайда? Емхана қызметкерлері қайда? Бала көмекке мұқтаж екенін біледі емес пе?! Республикалық ауруханаға жолдама беріп, баланың ем алуын қадағалау керек еді! Қай жерге барса да, балаға жасанды тері қажет екенін айтар еді, баланы шетелге емделуге жіберу керек. Ол бала емес пе, тірі жан иесі! Азап шегіп, қиналып жүр ғой!", — деп жазады Саин.

Қор директоры барлық мемлекеттік органдар мен жанашыр жандардан балаға көмектесуді сұрайды. Саин қор реквизиттерін беріп, не істеу керектігін нақты жазып көрсетті.

Загрузка...

Басты тақырып