Қоғам

Сирек кездесетін сұңқарларды Қазақстаннан Катарға заңсыз жөнелтпек болған

© Photo : Погранслужба РК Сұңқарлар
Сұңқарлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыртқыш құстардың тырнағында міндетті шешілмейтін сақина немесе микрочип болмаған

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Қызыл кітапқа енген оннан астам сұңқарды Катарға заңсыз шығаруға жол бермеді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара жасағы Алматы әуежайында Алматы-Доха рейсіне жүкті тиеу барысында өткізу пунктінде үш ағаш жәшікті тапты. Олардың ішінде 14 сұңқар болған, құстардың идентификациялық сақинасы жоқ болып шықты.

Аталмыш дерек бойынша тиісті органдарға хабар берілген.

Жаңалықтар
0