16:50 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астанада түрік шайы фестивалі өтті

Астанада түрік шайы фестивалі өтті

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

"Шай – адамды жақындастыратын құрал" дейді түріктер

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Астанада Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығы түрік шайын таныту фестивалін ұйымдастырды. Шараға жиналған қонақтар шайдың 15 түрімен танысып, түріктер сүйіп жейтін симит тоқашынан дәм татты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Адам баласы сүйсініп ішетін сусындардың бірі – бұл шай. "Бір күн шай ішпегеннен үш күн аш қалған жақсы" деп санайтын түріктер үшін шайдың орны тіптен бөлек. Бүгінде Түркия халқының 98 пайызы тұрақты түрде шай ішсе, бір тұрғын жылына 5 келі шай тұтынады екен.

Астанада түрік шайы фестивалі өтті
© Sputnik / Болат Шайхинов
Астанада түрік шайы фестивалі өтті
Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығы ұйымдастырған фестивальде Түркияда өсірілетін шай түрлері таныстырылды. Фестивальге жиналған қонақтар жаңа демделген ыстық шай мен симит тоқашынан дәм татты. 

"Түріктер үшін шайдың алатын орны ерекше. Біз таң атқаннан кеш батқанға дейін шай ішеміз. Бұл біз үшін кәдімгі су сияқты. Оның үстіне иммунитетті күшейтіп, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады", — дейді Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының оқытушысы Ахмет Шахин. 

Ол түріктердің шайды шыны стақанға құйып ішу сырын айтты. 

"Түріктер үшін шай ішу де өнер. Шайды шыны стақанға құйған кезде, оның реңі анық көрініп, қасықпен араластырғанда өзіндік дыбыстар шығады. Оның үстіне тез суымайды, ыстық күйінде ішкенге ыңғайлы", — дейді Шахин. 

  • Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    © Sputnik / Болат Шайхинов
  • Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    © Sputnik / Нұргүл Абай
  • Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    © Sputnik / Нұргүл Абай
  • Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының оқытушысы Ахмет Шахин
    Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының оқытушысы Ахмет Шахин
    © Sputnik / Нұргүл Абай
  • Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    Астанада түрік шайы фестивалі өтті
    © Sputnik / Болат Шайхинов
1 / 5
© Sputnik / Болат Шайхинов
Астанада түрік шайы фестивалі өтті
Түркияда өсетін шайдың өзгелерден бір ерекшелігі – қарлы аймақта өсе беретіндігінде. Бүгінде Түркияда шай Қара теңіздің жағалауында өседі, әсіресе Ризе қаласы шай плантацияларымен танымал. 

"Бір ғасыр бұрын кофесіз күні өтпейтін түріктердің бүгінде шай ішпесе таңы атпайды", — дейді түрік тілінің оқытушысы.  

Ал ТРТ өкілдігінің өкілі Рашид Озден болса, күніне 30 стақан шай ішетін кездері болатынын айтты. 

"Түрік кофесі, көбінесе, ерекше жағдайларда ішіледі, ал шай күнделікті. Мысалы мен күніне 30 стақан шай ішемін. Түріктердің көбі солай. Сіздер, қазақтар сүтпен ішсеңіздер, біз сүтсіз ішеміз. Оның үстіне қант та қоспаймын. Шай – кез келген аурудың шипасы", — дейді ол.


Басты тақырыптар