16:57 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астанада көктайғақ, архивтегі сурет

Астанада жеті жылда алғаш рет қыс қарсыз басталды

ИА "Новости-Казахстан"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Алдын ала болжам бойынша осы аптаның соңында қар жауып, жел күшейюі мүмкін

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Синоптиктердің мәліметінше, соңғы жеті жылда алғаш рет елордада қыс мезгілі қарсыз басталды, деп  хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада қашан толассыз қар жауатыны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша осы аптаның соңында қар жауып, жел күшейюі мүмкін. Жалпы, желтоқсан айында күн ашық болады.

"Консультативтік болжамға сүйенсек, антициклонның күшеюімен ауа-райы жауын шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы түнде 10-20, ал күндіз 2-10 градусқа дейін барады.  Ай соңында қар, боран соғып, жел күшейеді деген болжам бар", — деді ұзақ мерзімді болжамдар инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанова.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада  қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы 7 жылда бірінші рет болып тұр. Өткен жылы желтоқсан айының басында елордада қалындығы 10 сантиметр қар жатты.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» қыс айына арналған консультативті ауа-райын жариялады. Синоптиктер еліміздің басым аймағында көпжылдық орташа маңызды температура фонынан 1-2 градусқа төмен болады деген болатын.


Басты тақырыптар