16:33 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Ит

Алматы облысындағы жануарлар үйінде аш иттер бір-бірін жеп қойған

CC0 / Engin Akyurt
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
160 0 0

Полицияға арыз берген жануар қорғаушылар иттерді құтқарып қала алмады

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында жануарлар үйінде ашыққан иттер бір-бірін жеп қойған, деп хабарлайды КТК.

Жануар қорғаушылар түсірген видеода аш иттер торда қамауда отыр. Тамақ жейтін ыдыстарына ас-судың орнына топырақ салып қойған. Жануарлар үйінің аумағында дөңгелегі бар ыдыс табылды, ішінде жануарлардың өртенген сүйектері жатыр.

Еріктілер полицияға арыз беріп үлгергенше, иттердің көзін жойған.

"Барлық итті қамқорлығымызға алуға дайын едік. Беретін тамақ, көрпешелерді дайындап қойғанбыз. Барсақ, иттерді өлтіріп тастапты. Оларды тірі күйінде көре де алмадық, видеодан ғана көргенбіз. Шұңқырды қарасақ, өлексесі жатыр екен", — дейді ерекше жануарларға арналған үйдің иесі Ульяна Бакаева.

Бұл жерде жануарлардың өлексесін тастауға арналған арнайы шұңқырлар қазылыпты.

Әкімдік өкілі хабарлағандай, жануарлар үйі орнында мал қорымы бар екен. Директордың айтуынша, иттерді жануарлар үйіне облыс тұрғындары берген.

"Оларды өлтіруге мәжбүр болдық. Өйткені қолымызда облыс мәслихаты бекіткен иттерді ұстау ережесі бар. Оларды алып кетуге ешкім келмесе, үш күн ұстаймыз да, өлтіріп тастаймыз. Екпе саламыз. Листенон", — деп түсіндірді мал қорымының директоры Асқар Әбдуғалиев.

Еріктілер, табиғатты қорғау прокуратурасы және полиция иттердің жануарлар үйінде болуы заңды ма, жоқ па тексеретін болады.

Басты тақырыптар