Қоғам

"Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығына ие болған компаниялар белгілі болды

© Photo : "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі"Ұлы дала елі" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлы дала елі байқауының жеңімпаздары марапатталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ұлы дала елі" бренді 2016 жылы бекітілді

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Астанада жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін "Алтын сапа" сыйлығы, "Қазақстанның үздік тауары"  республикалық көрме-байқауы аясында  "Ұлы дала елі" байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада Халық сүйіктілері марапатталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада "Халық сүйіктілері" марапатталды

Салтанатты шарада жеңімпаз компанияларға "Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығы берілді. Онлайн-дауыс беру арқылы таңдалған үздік компанияларды "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев марапаттады.

"Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығына "MKS Logisticts" ЖШС (Маңғыстау облысы, директоры – Мұрат Серсембаев), "Қазфосфот" ЖШС (Жамбыл облысы, басқарма төрағасы – Мақсұтбек Есенов) және "Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты" ЖШС (Ақтөбе облысы, бас директоры – Қанат Тапаев) ие болды.

"Ұлы дала елі" сыйлығын 2016 жылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады.  Ол үздік  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. 

Іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компания басшылары, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жетекшілері мен байқау лауреаттары қатысуда.

Жаңалықтар
0