01:33 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Операция, архивтегі фото

Елімізде алғаш рет науқасқа жасанды жүрек салынды

© Sputnik / Сергей Гунеев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
182 0 0

Астанада ер адамға құны 1 млн еуро тұратын жасанды жүрек имплантациясы жасалды

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы базасында халықаралық зерттеу аясында жаңа жасанды жүрек имплантациясы бойынша операция өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ота Павлодар облысында тұратын 60 жастағы қарияға жасалды. Ер адам ұзақ жылдар созылмалы жүрек ауруымен ауырған. 

«Жасанды жүрек имплантациясы әлемде Франциядан кейін Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Операция халықаралық зерттеу аясында өтті. Зерттеуге Қазақстанды қоса алғанда, бес ел қатысып жатыр», — деді орталық басшысы Юрий Пя елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Францияда жасанды жүрек салу операциясы 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді. CARMAT деп аталатын толығымен жасанды жүрек – франциялық компанияның өнімі. Еуропа аэроғарыш және қорғаныс концернімен бірлесіп жасалған. 

«Бұл жүректің орнына салынатын аппарат. Жүректің жұмысын бақылайтын механизм, яғни контролері шағын сөмкеде. Пациент оны үнемі өзімен бірге алып жүреді. Қуатталатын батареялары бар. Қазақстан зерттеуге қатысқан елдер арасында алғаш болып рұқсат алды», — дейді Пя. 

Баспасөз мәслихатынан кейін журналистер жасанды жүрек салынған қартпен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Жүрегінің нашарлығынан соңғы төрт айын аурухана төсегінде өткізген Құнанбай Абраев қазір емін-еркін жүріп жүр. 

Құнанбай Абраевқа жасанды жүрек имплантациясы жасалды
© Sputnik / Баубек Коныров
Құнанбай Абраевқа жасанды жүрек имплантациясы жасалды

 Мүлде жүрмейтін, 4 ай бойы палатада жатты. Қазір күні бойы жүреді. Қазір шығуға дайындалып жүр. 

«9 жыл бойы ауырдым. Қазір, міне, жағдайым жақсы. Ауруханаға келген кезде аяқтарым ісіп кеткен еді. Жүріп-тұрудан қалдым. Операциядан кейін денсаулығым жақсарды. Қазір аурухана фойесін кемінде 3 рет айналып шығамын», —дейді науқас. 

Жасанды жүрек имплантациясы әзірге сынақ болғандықтан, тегін жасалды. Бар шығынды франциялық компания өз мойнына алған. Ал аппараттың өзіндік құны, Пяның айтуынша,  бір миллион еуроға тең.


Басты тақырыптар