Қоғам

Синоптиктер бейсенбіде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы тұман, архивтегі сурет
Астанадағы тұман, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің 12 облысында тұман түседі, кей жерлерде жел күшейеді деп болжанып отыр

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Дегенмен батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі,  күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін. 

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады. 

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Жаңалықтар
0