01:32 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астанада жауған қар

Алдағы 3 күнде ауа температурасы көтеріледі

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
569 0 0

Синоптиктер 7-9 желтоқсанға ауа-райы болжамын жасады

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидрометтің" мәліметінше, 7-9 желтоқсан аралығында температура көтеріліп, ауа райы жауын-шашынды болады.  

"Қазақстанның ауа-райына ықпал етіп жатқан Сібір антициклоны бірте-бірте Алтайға қарай жылжып барады, бұл республикада температураның жоғарылауына алып келеді. Жоғары атмосфералық қысым өрісінің орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен барикалық жылғалар және онымен байланысты атмосфералық фронттар жылжып келе жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

Бұл фронттардың әсерінен әуелі республиканың батысында, ал 9 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-батыс облыстардың кей жерлерінде сулы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. 


Басты тақырыптар