01:31 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Ерке Есмахан Қайда? әнінің жалғасын түсірді

Ерке Есмахан мен Ернар Айдар салық төлемей жүр

© Foto: GAKKU TV
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

Көлік салығын уақытылы төлемеген әншілердің борышы өндіріліп алынбақ

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Алматыда танымал әншілер көлік салығын уақытылы төлемеген, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаменті.

Департамент мәліметіне сәйкес желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша көлік салығын 90 мыңдай алматылық төлемепті, жалпы сома 4,2 миллиард теңгені құрайды. Салықты төлету мақсатында 19213 борышкерге қатысты материалдар сотқа жөнелтілген, 12354 борышкерге қатысты сот шешімі шыққан, ал 2849 азаматтың мүлкіне тыйым салыныпты.

Қабылданған шаралар барысында жыл басынан бастап 20 мың автокөлік иесі 1,5 миллиард теңге қарызын төледі.   

"Борышкерлер арасында шоу-бизнес өкілдері де бар, мәселен Айдар Ернар 205,1 мың теңге қарыз, Умарова Рано – 88,8 мың теңге, Искакова Жеңіс – 73,2 мың теңге, Есмахан Ерке – 41,1 мың теңге. Аты аталған көлік иелеріне қатысты материалдар сотқа жіберіліп, борышты өндіріп алу туралы шешім шығарылды", — деп атап өтті департаментте.

Басты тақырыптар