Қоғам

Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды

© Photo : muftyat.kzЖаңадан сайланған бас мүфти Серікбай қажы Ораз
Жаңадан сайланған бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

әлеуметтік желілер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚМДБ: желіде тараған уағызшылардың тізімін мүфтият жасаған жоқ

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқа мүшелері, ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.

Құрылтайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды.

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

"Құрметті құрылтай делегаттары, осыдан 5 жыл бұрын Бас мүфти қызметіне сайланғанымда бұл аманатты абыроймен атқарып шығуды Алладан сұрап едім. Сіздермен бірге көптеген ауқымды іс-шараларды атқардық. Бұл аманатты орынбасарым Серікбай қажы Оразға тапсыруға шешім қабылдадым. Ол 20 жылдан астам діни салада қызмет етіп келеді. Діни басқарма тарихында үш мүфтидің кезеңінде белсенділігімен көзге түсті. Оның идеясы мен іскерлігінің арқасында көптеген игі жобалар жүзеге асты. Серікбай қажы Ораз Бас мүфти қызметін жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін. Сіздер де бұл ойымды құптайсыздар деп ойлаймын", – деп атап өтті ол. 

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Серікбай Сатыбалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді. 

мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚМДБ: кейбір азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы 1975 жылы дүниеге келген. Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған, Исламабадтағы Әлемдік университетінде білімін жетілдірген. Бұдан бөлек, Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай  бітірген.

2012-2014 жылдары "Нұр Мүбарак" Ислам мәдениеті университетінде "Дінтану" мамандығын тәмамдаған, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

Әр жылдары Алматы мешітінің  наиб имамы, Ислам институтының ұстазы, Ислам институтының  ректоры, Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі, ОҚО Сарыағаш ауданының бас имамы болып еңбек еткен. 

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері, Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы, ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қажылыққа барған.

2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды. 2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды. 2013 жылдың қазан айында "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.

Үйленген, 7 баласы бар.



Жаңалықтар
0