01:42 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Содыр. Архивтегі фото

Жихадқа шақырған қазақстандықтар шенеуніктерге шабуыл жасамақ болған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
666 0 0

Алматы полициясы қылмыстық істің мән-жайын айтып берді

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Алматыда терроризмді насихаттағаны үшін ұсталғандар полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасауды жоспарлаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы полициясы ҚР ҚК 256-бабы бойынша (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) Жұмағұлов, Өміров, Әбішевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкциясымен олар 2 айға тергеу изоляторына қамалды. 

"Тергеу барысында Жұмағұлов бастаған күдіктілер құқық қорғау мен мемлекеттік құрылым өкілдеріне қарсы күш көрсету акцияларын жоспарлағаны анықталды», — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полицейлердің ақпаратынша, Жұмағұлов кәсіпкерлерден ақша бопсалау үшін қылмыстық топ құрып, Қырғызстаннан қару сатып алуды жоспарлаған. Сондай-ақ ол полицейлерге ұсталған жағдайда, бар кінәні өз мойнына алатын адамдарды да іздеген. 

"Ақша бопсалағаннан кейін Жұмағұлов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы белсенді іс-әрекетке көшуді жоспарлаған. Ешкімге сыр білдірмеу үшін ұялы телефондар мен SIM-карталар сатып алмақшы болған», — деп нақтылады полициядағылар. 

Естеріңізге салып өтсек, қараша айының соңында терроризмді насихаттады деген күдікпен бір топ қазақстандық ұсталған болатын. Көп ұзамай топтың үш лидері – Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысының тумаларын қамауға алуға санкция берілді. Полицейлер БАҚ-та күдіктілердің қарулы жихадқа шақырған бейнеүндеуін жариялады.


Басты тақырыптар