16:55 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қыз ұялы телефон ұстап отыр

ІІМ қазақстандықтарды дүрліктірген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
205 0 0

Алмас Садубаев Қазақстан аумағында балаларды ұрлау фактісі тіркелмегенін мәлімдеді

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Интернетте бір топ адамның балаларды ұрлап жатқаны туралы тараған ақпарат жалған, деп мәлімдеді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Мессенджерде дыбыстық хабарлама арқылы балалардың жаппай ұрлануына қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан аумағында мұндай факті жоқ», — деп мәлімдеді Садубаев. 

Ол хабарламада айтылған Яникой ауылы Ресейдегі Кабардино-Балқария аумағында орналасқанын атап өтті. 

Айта кетсек, бұған дейін желіде дыбыстық хабарлама тараған болатын. Жазбадағы ер адам әлдекімдердің балаларды кәмпитпен алдап, ұрлап жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, кәмпит құрамында есірткі немесе ұйықтатын психотроптық дәрілік заттар бар екен.


Басты тақырыптар