02:18 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Баланың сұлбасы, архивтегі фото

Астанада зейнеткер баланы ұрып-соққан

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Қарт ер адамға өзгенің баласына қатаң тәрбие бергені үшін айыппұл салынды

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сот баланың басынан ұрған зейнеткерді жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, зейнеткер  үйдің ауласында жасөспірімнің басынан ұрып, зорлық-зомбылық жасаған, бірақ бұл оның денсаулығына зиян тигізбеген.

"Сотта зейнеткер баланы тәрбиелеу мақсатында ұрғанын айтты", — деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен зейнеткер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.


Загрузка...

Басты тақырыптар