01:38 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қолына кісен салынған адамдар

Экономикалық тергеу қызметі Ресейде өзінің "өлімін" ұйымдастырған қазақстандықты ұстады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Экономикалық қылмыс жасап, шетелге қашып кеткен барлығы 22 адам анықталды

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Экономикалық тергеу қызметі өткен жылы Ресейде өзінің "өлімін" ұйымдастырған азаматты ұстады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

"2017 жылы мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметі ТМД елдері мен шетелдік мемлекеттер аумағында (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Моңғолия, БАӘ, АҚШ) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін тергеуден бой тасалаған 22 адам анықталды. Осылай, 2017 жылғы 29 қыркүйекте Ресей Федерациясы Воронеж қаласында Ресей құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл арқылы экономикалық тергеу қызметі 2016 жылы Ресей аумағында өз өлімін өтірік ұйымдастырып, өлген болып танылған Қазақстан азаматы Д.А. Лакомкин ұсталды", — деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. 

Бұл адамдар қылмыстық іс-әрекетімен мемлекетке 10 миллиард теңгеден аса залал келтірілген. 

Казіргі уақытта, Бас прокуратура оларды қылмыстық жазаға тарту үшін экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізуде.

Комитет хабарлағандай, биылғы жылы шетел мемлекеттерінен бұрын ұсталған 11 Қазақстан азаматы экстрадицияланды және депортацияланды.

"Қылмыстардың негізгі бөлігін жалған кәсіпкерлік, ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтару, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, заңсыз кәсіпкерлік пен банктік қызмет құрады", — деп атап өтті комитеттегілер.


Басты тақырыптар