Қоғам

Данэлия Төлешова украиналық "Голос" байқауының финалына шықты

Жазылу
Данэлия ағылшын тіліндегі аса қиын әнді кәсіби деңгейде орындап, өзінің тәлімгері мен көрермендерді толқытып жіберді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Алматылық 10 жасар Данэлия Төлешова "Голос. Дети. Украина" шоуының финалына шықты.

Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесіне" қатысады

Әнші бүлдіршін америкалық Андра Дэйдің Rise up әнін тамылжыта орындап, әділқазыларды таңғалдырды. Данэлияның тәлімгері Дмитрий Монатиктің көңілі босап, көз жасына ерік берген.  

"Сене алар емеспін!!!! Мен финалдамын!!! Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, әсіресе тәлімгерім Дима Монатикке алғысым шексіз", — деп жазды Данэлия әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңалықтар
0