Қоғам

Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болды

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы лауазымында Қайрат Мәмиді ауыстырды

АСТАНА, 11 желтоқсан— Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы лауазымына Жақып Асановтың кандидатурасын ұсынып, депутаттар оны бірауыздан қолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Парламент сенаты Жоғарғы сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады", — деп жазылған хабарламада.  

Жақып Асанов 1963 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ол әр жылдары Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, ҚР Әділет вице-министрі болып қызмет етті. 

2007 жылдан 2012 жылға дейін "Нұр Отан" ХДП партиялық тізімі бойынша Парламент мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты болды.

2012 жылдың 6 қыркүйегінде Мемлекет басшысының өкімімен Бас прокурордың орынбасары, 2016 жылғы 25 сәуірде Бас прокурор лауазымына тағайындалды.

Заң ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"  мерекелік медалдарымен, "Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері" омырау белігісімен марапатталған.


Жаңалықтар
0