17:02 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Қолына кісен салынған әйел, архивтегі фото

Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті

© AFP 2018 / OHAN ORDONEZ
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
41521

Қыздар италиялық ер адаммен әлеуметтік желі арқылы танысқан

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Оқиға осы жылдың қазан айында болған. Қыздардың бірі әлеуметтік желі арқылы Италия азаматымен танысып, сауда орталығында кездесуге уағдаласқан. 

"Танысып-біліскеннен кейін екі құрбы шетел азаматымен бірге сыра барына барады. Барда түнгі 23.00-ге дейін болып, үйді-үйге тараспақшы болып сыртқа шыққан. Осы сәтте екі қыз көшеде жан баласы болмағанын пайдаланып, ер адамды бетінен таспен ұрып, "Айфон 6S" маркалы ұялы телефонын тартып алған", — делінген хабарламада. 

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен қос құрбы айыпты деп танылды. Сот біреуін 4 жылға, екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Загрузка...

Басты тақырыптар