Қоғам

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы тағайындалды

© Photo : muftyat.kz"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы тағайындалды
Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызметке "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы болған Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет жұма намазынан кейін "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұжымы мен жамағатқа жаңа бас имамды таныстырды, деп хабарлайды muftyat.kz.

"Наурызбай қажы Тағанұлының діни салада тәжірибесі мол. Ол мемлекеттік қызметте де бірнеше жыл жұмыс істеді. Наурызбай Өтпенов мырзаның білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлігін ескеріп, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындадым. Бұл лаузымды қызметтерді жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін", – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов 1977 жылы дүниеге келген. Ташкенттегі "имам Әл-Бұхари" атындағы Ислам институтында оқыған. ҚМДБ-ның жолдамасымен Мысыр Араб республикасында білімін жетілдірген. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің "Тарих" факультетін, "Дінтану" мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған. 

Наурызбай қажы Тағанұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Наурызбай қажы Тағанұлы: парақордың арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады

2017 жылдан бастап "Нұр Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінің "Исламтану" факультетінің докторанты.

Наурызбай қажы Тағанұлы әр жылдары ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы, ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің бас имамы, Алматы қаласындағы "Мекке" мешітінің бас имамы, Дін істері агенттігінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының бас сарапшысы болды. 

2013 жылы ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалып, бүгінге дейін "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

 

Жаңалықтар
0