Қоғам

Келесі жылы еліміздегі барлық жедел жәрдем көлігі сары түске боялады

© Photo : elorda.infoКелесі жылы еліміздегі барлық жедел жәрдем көлігі сары түске боялады
Келесі жылы еліміздегі барлық жедел жәрдем көлігі сары түске боялады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сараптамаға сәйкес, қанық түске боялған жедел жәрдем көлігі басқа көліктерге қарағанда бірден көзге түседі

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. 2018 жылдан бастап еліміздегі 1894 жедел жәрдем көлігі ақшыл күлгін түстен сары түске боялады. Сондай-ақ, көліктер жарық түсіретін элементтермен ерекшеленбек, деп хабарлайды Елорда Инфо

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда жедел жәрдем жаңа ережелермен жұмыс істейтін болады
Бұл қадам халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жасалды. Дамыған мемлекеттердегі шұғыл қызмет көлігін қанық түстерге, оның ішінде лимон түсіне бояу жиі кездеседі. Сараптамаға сәйкес, қанық түске боялған жедел жәрдем көлігі басқа көліктерге қарағанда бірден көзге түседі. Бұл дәрігерлердің жедел әрі қауіпсіз қызмет көрсетуіне көмектеседі деп сенеді министрліктегілер.

Медициналық қызметті жақсарту мен оның әлеуетін арттыру тек санитарлық автокөліктің жаңа дизайнымен шектелмейді. Министрлік медициналық қызметкерлерді заманға сай жабдықтармен және жаңа формамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық базаны реттеп, дәрігерлер мен жүргізушілерді оқытудың жаңа жүйесін енгізу арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді.


Жаңалықтар
0