Қоғам

Өмірзақ Шөкеев премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болды

© Sputnik / Максим МасловӨмір Шөкеев
Өмір Шөкеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін бұл лауазымды Асқар Мырзахметов атқарған болатын

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Өмірзақ Шөкеев ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.   
Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
1991—1993 жылдары Президент әкімшілігі мен министрлер кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 
1993—1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
1995 жылдан бастап — ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері қызметтерін атқарған.
1997 жылдың  қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін — «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
1998 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында  — ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
1998 жылдың тамызынан — Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
2004 жылдың наурызынан Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
2006 жылдың қыркүйегінен — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2007 жылдың тамызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары
2009 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары
2011 жылдың 26 желтоқсанынан бүгінге дейін — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы. 

Жаңалықтар
0