Қоғам

Тәуелсіздік күні Астанада қандай шаралар өтеді?

© AP Photo / Sergei GritsАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі күні Астанада қазақстандық эстрада жұлдыздары концертіне баруға, автобуспен тегін экскурсия жасауға және мерекелік отшашуды тамашалауға болады

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні – елордамызда бірқатар айшықты шаралар өтеді.

Концерттер

Таңертең сағат 9-да "Жастар" сарайында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының IV Халықаралық фестивалі өтпек.

Сенбі күні кешкі 18.00-де "Бәйтерек" монументі алдында мерекелік концерт болады. Ұмытылмас әннің әуендері жаныңызды баурап, аязды күні жүрегіңізді жылытады.

"Астана" концерт залында сағат 19.30-да қазақстандық эстрада жұлдыздары "Ән мен әнші" концертін қойып, көрермендерге тамаша көңілкүй сыйлайды.    

Театр

Дәстүр бойынша, мереке күндері театр сүйер қауым кезекті қойылымдарға асығады.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Максим Горький атындағы мемлекеттік драма театр ең кішкентай көрермендерге арнап сағат 11.00-де  "Братец Лис и братец Кролик" ертегісін әзірледі, ал 18.00-да аға буын өкілдері "Мастер и Маргарита" туындысын тамашалай алады.

Сағат 12.00 және 14.00-де елордалық қуыршақ театрында "Атамекен" қойылымы болады.

Сағат 15.00 және 18.00-де таңғажайыптар еліне аттана аласыздар: "Қазақстан" спорт сарайында  "Алиса в зазеркалье" мұз айдын шоуы өтеді. 

Сағат 18.00-да "Астана Опера" үлкен залында  "Дон Кихот" балеті болады, ал 18.30-да музыкалық-драмалық театр көрермендерді "Абылайханның арманы" драмасына шақырады.

ЭКСПО мұрасы

ЭКСПО көрмесі аумағында қызық-думан өте көп. Ерекше мүсіндер мен көздің жауын алатын әшекейлер мереке күні қайталанбас суреттер түсіруге таптырмас орын.

Празднование Дня независимости в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Тәуелсіздік күні қалай аталып өтеді?

 16-18 желтоқсан күндері мұнда эстафеталар, викториналар, флэшмобтар мен пародия шоулар өткізіледі.

Экскурсия

Тәуелсіздік күндері Астана тұрғындары мен қонақтары сол жағалауға тегін экскурсия жасай алады. 

Екі қабатты Red Bus автобустарына мініп, қаланың көрікті жерлерін араласаңыз, өкінбейсіз.

Салют

Тәуелсіздік күніне орай Астананың үш ауданында мерекелік отшашу ұйымдастырылмақ.

Жаңалықтар
0