Қоғам

Алматы әкімдігі қала басшысы ауысады деген сыбысқа түсініктеме берді

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала билігі әлеуметтік желілердегі әкімнің ауысатыны туралы сыбысты ресми түрде теріске шығарды

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімі ауысатыны туралы сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұрынғы режимде жұмыс істеп жатырмыз", — деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев.

Бүгін әлеуметтік желілерде Алматы әкімі ауысатыны жайлы ақпарат тарады. Онда жаңа әкім болып бұрынғы премьердің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов тағайындалатыны хабарланған. 

Алматы қаласын 2015 жылдың тамызынан бері Бауыржан Байбек басқарып келеді.   


Жаңалықтар
0