Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев балаларды Жаңа жылмен құттықтады

© SputnikАстанадағы Президент шыршаға шақырылған балалар, архивтегі фото
Астанадағы Президент шыршаға шақырылған балалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мерекеге 9 бен 13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Бүгін астаналық Оқушылар сарайында ел Президентінің атынан жаңажылдық шырша мерекесі болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

"Қымбатты балалар! Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Мен сендерді алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Сендер берекелі, бейбіт елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Халқымыз "Өсер елді өскелең ұрпағынан таниды" деген сөзді бекер айтпаған. Ата-ананың үкілі үмітін ақтайтын да, туған еліміздің асқақ рухын сақтайтын да, мына сендер. Сондықтан, біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болғандарыңды қалаймыз. Айналайын, балалар! Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, Тәуелсіз елімізбен бірге өсіп, өркендей беріңдер! Мерекелеріңмен!", — деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бейнеқұттықтауында.   

Мерекеге 9 бен 13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты, оның 26-сы жетім балалар, 126-сы аз қамтылған отбасыдан шыққан, ата-анасының көмегінсіз қалған балалар – 43 және ерекше күтімдегі 5 бала. 

Новогодние игрушки - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалады?
"Маған бұл жер қатты ұнады, тура ертегі әлеміне тап болғандай сезімдемін. Мұндай шыршаға бірінші рет қатысып жатырмын, енді сыйлықты асыға күтіп тұрмын", — деді Т.Айбергенов атындағы №16 мектептің 6 сынып оқушысы Олеся Гера. 

Мерекелік шоу-бағдарлама аясында балаларды ертегі кейіпкерлері мен жаңажылдық сыйлықтар ерекше қуантты. 

"Шыршаның қорытындысы бойынша балаларға тәттілер үлестіріліп, 85 мың теңгенің сертификаты табысталды. Олар «H&M» ЖШС дүкеніне барып киім сатып алады және шыршадан кейін ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы "Нұр Әлем" сферасына экскурсияға барып, естелікк суретке түседі", — деді астаналық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин. 

Іс-шараның қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов.


Жаңалықтар
0