Қоғам

Мемлекеттік қызметшілердің желідегі парақшаларынан эротикалық суреттер табылған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуFacebook
Facebook - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторинг барысында 2212 мемлекеттік қызметшінің жеке парақшасында қоғам наразылығын туғызатын контент анықталған

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда екі мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында ішімдік, балағат сөз бен эротикалық суреттер табылған.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова мемлекеттік қызметшілердің түнге дейін жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді

Ведомство хабарлағандай, мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің 54 745 жеке парақшасы тексеріліпті. 2212 жұмысшының парақшасында мазмұны нормаға сай келмейтін 2300 сурет, 21 видео мен 46 комментарий анықталған.

"Суреттер мен видеода мемлекеттік қызметшілер ойын-сауық мекемелерінде ішімдік ішіп, балағат сөз айтқан, бейәдеп сөздерге толы мәтіндер мен эротикалық сипаттағы және қарумен түскен суреттер жариялапты. Кей суреттер құмар ойындар мен букмекерлік ұтыс тігуге қызығушылықтарын көрсетеді", — деп хабарлады жемқорлыққа қарсы агенттік.

Ведомство әлеуметтік желілерді ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің кімнен қандай сыйлық немесе басқа да марапаттау алғанын бақылап отырады.

Жаңалықтар
0