Қоғам

Президент қалталы азаматтарды қандастарға көмек көрсетуге шақырды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚандастарымыз
Қандастарымыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды қандастарға көмек көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін ұмытып қалған кезін еске алды

"Қандастарын елге шақырып жатқан әлемде үш-ақ мемлекет бар, соның біреуі Қазақстан. Бастапқы кездері әдейі сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, бірінші құрылтайды өткіздік. Ұлы көшті бастадық. Содан бері бір миллион қандасымыз елге келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Әуелдегідей болмаса да, қазір де көш тоқтаған жоқ. Біз тоқтатпаймыз, ешкімге қарсылығымыз жоқ. Келем дегендерге есік ашық. Сондықтан жастар келіп, оқуға түсіп, елде қалып жатыр. Артынан үлкендері де келіп жатыр. Оларды біз қуанышпен қабылдаймыз", — деді Назарбаев кездесуде. 

Мемлекет басшысы әлі де шетелде төрт миллионнан астам қандасымыз бар екенін атап өтті.

Қытайдағы қазақтардың заңсыз қудалануына қатысты баспасөз мәслихаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайдағы қазақтардың туысқандары Қазақстаннан көмек сұрап отыр

"Оларды біз енді қолынан жетектеп, келсең де, келмесең де кел деп айта алмаймыз. Кейбіреуінің ол жақта жағдайы жақсы болса, қиыншылық көрмесе тұра берсін. Келем дегендерді қарсы аламыз. Біздің қазақстандық отбасылар, қалталы азаматтарға айтатыным, біз де қандастарымызды қабылдауға жақын болуымыз керек. Арнайы қор құрылды, сол қорға қол ұшын беріп, көмектесу керек. Жұмыс табуға, баспана салуға аз болса жәрдемдесіп, қандастарды елге шақыруға мүдделі болуымыз керек. Бұл бізге қажет", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0