Қоғам

Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

© Sputnik / Табылды КадырбековОқушылар қар жауып тұрған кезде мектепке бара жатыр, архивтегі фото
Оқушылар қар жауып тұрған кезде мектепке бара жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желдің күшейуіне байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледж студенттері сабаққа бармайды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі сабақтар болмайды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді", — деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада. 


Жаңалықтар
0