10:17 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Қылмыстық іс

Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Полиция Мусиннің Латвия астанасында он бесінші қабаттан құлап кеткенін растады

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуының мән-жайын Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов айтып берді.

СІМ
© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в Facebook

"Қазақстан азаматының қазасы бойынша Риганың полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғады, тергеу нәтижесінде өлімінің себебі анықталмақ. Кеше Ригаға жеткен марқұмның ағасы Қазақстан консулымен бірге сот-медициналық сараптама орталығына барып, Асылбек Мусиннің мәйітін көрді", — деді Жайнақов тілшілерге.

Оның айтуынша, полиция ақпаратына сүйенсек, Асылбек Мусин 15-ші қабаттағы пәтер терезесінен 22 желтоқсаннан 23-іне қараған түні құлаған. Полиция істі 22 желтоқсанда 23:42-де тіркепті.

"Асылбек Мусин Қазақстан консулдығының тіркеуінде болмаған. Тағы бір деректер бойынша, ықтияр хаты бар", — деп қорытты Жайнақов.

Загрузка...

Басты тақырып